Журналист Асхат Ниязов әлеуметтік желіде FlyArystan әуе компаниясының баға саясатына қатысты наразылық білдірді, деп жазады Alash.KZ.
Ол Алматыдан Семейге билет құны 45 мың теңгеге жеткенін айтып, әсіресе қол жүгінің салмағы 5 келіден асса, қосымша ақы тым қымбат екенін сынға алды.
«Бұрын 10-11 мың теңге болса, қазір 14 мың теңге талап етеді. Оны кейде «ауа райына байланысты» деп түсіндіреді. Бірақ бізге уәде еткен арзан билеттер қайда?» – деп қынжылды Асхат Ниязов.
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгінің нормасын 5-тен 10 келіге дейін ұлғайту бағасы 2025 жылдың жазында 500 теңгеге ғана өскенін мәлімдеді.
Қызмет құны сатып алу уақытына байланысты:
• билетпен бірге алынса – 7 116 теңге,
• онлайн рәсімделсе – 11 500 теңге,
• тіркеу кезінде – 12 000 теңге,
• ұшуға 40 минут қалғанда – 14 000 теңге.
Әуе компаниясы тарифтер ауа райына байланысты өзгермейтінін, баға динамикалық тәсілмен – бағыт, рейстің жүктемесі, сұраныс деңгейі және сатып алу уақытына қарай анықталатынын атап өтті.
FlyArystan билет бағасы ауа райына байланысты өзгеріп тұра ма? (ВИДЕО)
Загребтегі Гран-при: Дзюдошы Эсмигүл Куюлова жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алды
20:21, 14 қараша 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылман тізіміне енді
16:20, 14 қараша 2026
«Заң мен тәртіп» бәріне ортақ: Ақтөбеде әскери институт басшылары не үшін ұсталды?
14:47, 14 қараша 2026
«Үш жыл бұрын жоғалған ер адамның мәйіті табылды»: Абай облысындағы оқиға әшкере болды
14:28, 14 қараша 2026
«Діни экстремизмді насихаттаған»: Алматы полициясы 44 жастағы күдіктіні ұстады
13:15, 14 қараша 2026
«Сүйемін деші»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі қуанышты жаңалығын айтты (ВИДЕО)
12:31, 14 қараша 2026
Ғылым және жоғары білім министрлігінде кадрлық өзгеріс: Вице-министр қызметінен кетті
10:13, 14 қараша 2026