Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Зорлап, тұншықтырып өлтірген" - Қырғызстанда өлім жазасына себеп болған қыздың сүйегі қалай табылды? (ВИДЕО)

20:07, 02 қазан 2025 368

Көрші ел Қырғызстанда кісі жаға ұстайтындай ауыр қылмыс болды. 17 жастағы Айсулуу Мұқашеваны белгісіз біреу зорлап, артынша тұншықтырып өлтіріп кеткен, деп жазады Alash.KZ.

Қырғызстанның Жети-Өгүз ауданы Барскоон ауылының 17 жастағы тұрғыны Айсулуу Мұқашева 27 қыркүйекте жоғалып кеткен. Кейін оның денесі Кемин ауданынан табылды.

Жүргізуші Айсулууды Қарақолға апарудың орнына Жеңиш ауылындағы «Азамат» жағажайының оңтүстігіндегі алма бағына алып барған. Түскі бірлер шамасында ол қызды зорлап, кейін Тон ауданы Қаджы-Сай ауылының шығысындағы тоғанға апарып, тұншықтырып өлтірген.

Айсулуудың денесін Кемин ауданындағы Жыл-Арық автожолының 14-шақырымына тастап кеткен, деп жазды ulysmedia.kz. 

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

Бұл оқиғадан кейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елде өлім жазасын қайтадан енгізуді ұсынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар