“Валдай” халықаралық пікірталас клубының отырысында Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың президенті Дональд Трамптың мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұған дейін Трамп Truth Social желісінде:
“Ресей үш жарым жылдан бері мағынасыз соғыс жүргізіп келеді. Нағыз әскери қуаты бар ел жеңіске жету үшін бір аптадан аз уақыт жұмсар еді. Бұл жағдай Ресейді әсте күшейтіп тұрған жоқ, керісінше оны “қағаз жолбарысқа” ұқсатып тұр”, – деп жазған еді.
Путин бұған жауап ретінде:
“Мәскеу Украинамен емес, тұтас НАТО блогымен соғысып жатыр”…. Егер, Ресей “қағаз жолбарыс” болса, онда НАТО деген не болғаны? Онда барып сол “қағаз жолбарыспен” күресіп көріңдер”, –деп мәлімдеді