Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Араға 20 жыл салып «Superstar KZ» мегажобасы қайта жанданады

10:56, 18 наурыз 2026

Еліміздің жаңа поп-супержұлдызын анықтайтын «Superstar KZ» мегажобасына кастинг жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы «Qazaqstan» ұлттық арнасына сілтеме жасап.

 Ұлттық арна екі онжылдықтан соң аңызға айналған жобаны қайта қолға алып отыр. Бұл бағдарлама бұрынғы дәстүрді жаңғыртып қана қоймай, заманауи эстраданың жаңа есімдерін ашып, ерекше дауыс иелерін халыққа танытуды басты мақсат етіп отыр.

Музыкалық шоуға өнерге құштар кез келген 16–25 жас аралығындағы азамат қатыса алады.

Офлайн кастинг 4-26 сәуір аралығында еліміздің 9 ірі қаласында өтеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар