Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жаулап аламын! Қалағанымды істей аламын”: Трамп әлем күтпеген мәлімдеме жасады

12:54, 17 наурыз 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде атқарушы жарлыққа қол қою рәсімі кезінде Кубаға қатысты даулы мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.

CNBC хабарлауынша, Трамп журналистер алдында сөйлеген сөзінде Кубаны бақылауға алуды өзі үшін "құрмет" деп санайтынын айтты.

"Мен Кубаны жаулап алу маған бұйырады деп шынымен сенемін. Бұл керемет болар еді, үлкен мәртебе. Мен оны азат ете аламын немесе жаулап аламын – жалпы, онымен қалағанымды істей аламын деп ойлаймын", – деді Дональд Трамп.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар