Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші, актриса Меруерт Түсіпбаеваның әкесі дүние салды, деп хабарлайды Alash.kz порталы.
Қаралы хабарды әнші өз парақшасына жазып, әкесі Балғабай Түсіпбаевтың 88 жасында өмірден өткенін жеткізді:
«Әкем фәни жалғаннан озды. Әдетте, «88 жас деген той ғой» деп жұбатады жақындар, осы сөздермен келісіп тұрсаң да, қоштасу қандай қиын. Әкем мені төрт қызының ішінен бөліп, ерекше жақсы көрді», - деп жазған әнші жеке парақшасына.
Балғабай Түсіпбаев Баянауыл өңірінде ғұмыр кешкен, белгілі өнер иесі болған. Ол баян мен домбыра аспаптарын шебер меңгерген.
