Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақтың прайм-эрасы басталғанына кәміл сенемін…»: Ерлан Қарин ерекше жазба жариялады (ВИДЕО)

13:30, 17 мамыр 2026

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин елімізде басталған жаңару толқыны мен оң нәтижелер туралы желіде тұшымды пікірін айтты, деп жазады Alash.kz.

Осы бір тамаша видео үшін журналист Әділ Балтабаевқа рақмет айтқым келеді. Бірден ерекше ұнады. Өте әсерлі шыққан. Айрықша жылулық есіп тұр.

Шындығында да, бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар өз нәтижесін беруде. Өңірлерде жаңа автожолдар мен теміржолдар, жаңа әуежайлар мен сапаржайлар, жаңа көпірлер мен басқа да инфрақұрылымдық жобалар іске қосылуда. Халық олардың жемісін көре бастады. Бұл жобалардың игілігі ең алдымен қарапайым жұртшылыққа арналған. Президенттің де ұстанымы – осы. Яғни, ең алдымен ел мүддесі мен халық үшін жағдай жасау.

Елдегі оң өзгерістер алдағы уақытта да жалғасын тауып, тың жобалар жүзеге асырылатын болады. Алда әлі талай осындай оң жаңалықтар күтілуде.

Президент жүргізіп отырған саясаттың бірден-бір үлкен жетістігі – қоғамдық санада басталған өзгеріс. Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан», «Заң және Тәртіп» қағидаттарын жалпыұлттық құндылық ретінде орнықтыруда. Ендігі мақсат – бұл құндылықтарды қоғамдық санада тереңдету, оны әрбір адамның дағдысы мен әдетіне айналдыру. Бүгінде жастарымыз айтып жүргендей қазақтың прайм-эрасы басталғанына өз басым кәміл сенемін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар