Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенетіндердің үлесі 86,7 пайыз деп хабарланды

20:28, 16 мамыр 2026

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты жүргізген қоғамдық пікір сауалнамасының нәтижесіне сәйкес, Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейі 86,7 пайызды құрады. Бұл туралы  Alash.kz институттың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Сауалнама 2026 жылдың сәуір айында жүргізілген. ҚСЗИ мәліметінше, бұл көрсеткіш соңғы жылдары тұрақты түрде жоғары деңгейде сақталып келеді. Мамандар мұны елдегі жаңғырту мен реформалар бағытына қоғамның тұрақты қолдау көрсетуімен байланыстырады.

Зерттеу нәтижесінде Президентке деген ең жоғары сенім деңгейі жастар арасында тіркелген. Бұл көрсеткіш 91,4 пайызға жеткен. Сарапшылардың айтуынша, жастар мемлекеттік білім гранттарын, түрлі әлеуметтік бағдарламаларды, цифрлық қызметтерді және басқа да қолдау тетіктерін белсенді пайдаланады. Сонымен қатар жас буын елдің қарқынды даму кезеңінде қалыптасып келе жатқандықтан, бұл фактор да сенім деңгейіне әсер етіп отыр.

Президентке деген жоғары сенім қала тұрғындары мен ауыл халқы арасында да байқалған. Қала тұрғындарының 86,9 пайызы, ал ауыл тұрғындарының 86,7 пайызы мемлекет басшысына сенім білдірген.

Сонымен қатар зерттеуде сенімнің мазмұны әртүрлі екені атап өтілген. Ауыл тұрғындары мемлекетпен көбіне инфрақұрылымдық жобалар, әлеуметтік бағдарламалар және төлемдер арқылы байланыс орнатса, қала тұрғындарының сенімі жүйелі өзгерістерді қабылдау және олардың нәтижелерін бағалаумен көбірек байланысты екені көрсетілген.

Сауалнамада ерлер мен әйелдер арасында да Президентке деген сенім деңгейі жоғары екені айтылған. Зерттеу авторлары бұл қоғамдағы саяси тұрақтылық пен мемлекеттік бастамаларға қолдаудың сақталып отырғанын көрсетеді деп бағалады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар