Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті

15:09, 16 мамыр 2026

Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті, деп хабарлайды Alash.kz. 

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекенім» жобасы аясында «Толағай жолы: Әке мен бала» атты отбасылық эстафета жоғары деңгейде өтті.
Тағылымы мол шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдердің бойында жауапкершілік пен ұйымшылдық қасиеттерін қалыптастыру болды.

Ауқымды шараға Алматы қаласының 8 ауданынан 10-сынып оқушылары әкелерімен бірге қатысып, жалпы саны 20 команда өзара бақ сынады. Эстафета барысында қатысушылар түрлі спорттық әрі логикалық кезеңдерден өтіп, ептілік, жылдамдық, төзімділік пен бірліктің үлгісін көрсетті. Әсіресе әке мен баланың өзара түсіністігі мен қолдауы жарыстың басты ерекшелігіне айналды.
Шараның қазылар алқасы құрамында қоғам белсенділері мен сала мамандары болды. Қоғам белсендісі Сырым Әуезхан қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, отбасының қоғамдағы орнына ерекше тоқталды.

«Бүгінгі эстафета – әке мен бала арасындағы рухани байланысты бекемдейтін, ұлттық тәрбиені насихаттайтын маңызды алаң. Осындай шаралар арқылы өскелең ұрпақ жауапкершілікті, сыйластықты және отбасылық құндылықтарды бойына сіңіреді», – деп атап өтті ол.

Эстафетаның басты ерекшелігі – спорттық бәсекемен қатар тәрбиелік мазмұнның үйлесім табуы болды. Қатысушылар тек жеңіске ұмтылып қана қоймай, бір-біріне қолдау көрсетіп, ұйымшылдық пен ауызбіршіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Әр кезең бәсеке мен бірліктің, отбасылық сенімнің маңызын айқын аңғартты.
Шара соңында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы директорының орынбасары Айнұр Рысқұлова сөз сөйлеп, мұндай бастамалардың қоғам үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Отбасы – адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі. Әке мен бала арасындағы сыйластық пен сенім – мықты қоғамның негезі. Осындай жобалар арқылы біз жас буынның бойына жауапкершілік, патриоттық рух және салауатты өмір салтын қалыптастырамыз», – деді А. Рысқұлова.

Жарыс қорытындысында үздік шыққан командалар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 
Жалпы айтқанда, «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы  қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қоғамда отбасы институтын нығайтуды көздеген мазмұнды да тағылымды жобаға айналды

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар