Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда өзін «Ресейдегі өзбек сияқты сезінемін» деп айтқан ресейлік әйел 10 тәулікке қамалды

20:18, 15 мамыр 2026

Қазақстанда өзін «Ресейдегі өзбек сияқты сезінемін» деп айтқан ресейлік әйел 10 тәулікке қамалды, деп жазды Alash.kz. 

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеода ресейлік азаматша Қазақстанда банк картасын ашудың тым қиын екенін айтып, эмоцияға беріліп, балағат сөздермен шағымданған.

Алайда желі қолданушыларының ең қатты назарын аударғаны оның мына сөзі болды:

«Білесіздер ме, мен өзімді Ресейдегі өзбек сияқты сезінемін — мені барлық жерде қағып-соғып, ары-бері жібереді. Ана жаққа барыңыз, мына жаққа бармаңыз, сізге болмайды, сіз резидент емессіз…»

Осы сөзінен кейін қоғамда үлкен резонанс туып, көпшілік оның пікірін сынға алды. Әсіресе этностық салыстыру мен кемсітуге ұқсас сөздері қызу талқыланды.

Оқиғадан кейін полиция департаменті тексеру жүргізіп, әйелді қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Нәтижесінде сот шешімімен оған 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

 
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар