Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада жаңа әуежай салу қажет деп мәлімдеді

14:44, 16 мамыр 2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада жаңа әуежай салу қажеттігін мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, елорда Astana Еуразия кеңістігіндегі ірі транзиттік хабқа айналуы тиіс, деп жазды Alash.kz. 

Оның сөзінше, бұл мақсатқа жету үшін заманауи әрі тиімді инфрақұрылым қалыптастыру аса маңызды. Әсіресе, әуе қатынасын дамыту және халықаралық логистикалық мүмкіндіктерді кеңейту басты назарда болуы керек.

Президент жаңа әуежай салу мәселесін стратегиялық маңызы бар жоба ретінде атап өтіп, нақты ұсыныстар әзірлеуді Жеңіс Қасымбекке тапсырды.

Мемлекет басшысы Астананың көлік-логистикалық әлеуетін арттыру ел экономикасына да оң әсер ететінін жеткізді. Оның пікірінше, жаңа әуежай халықаралық рейстер санын көбейтіп, жолаушылар ағынын арттыруға және инвестициялық тартымдылықты күшейтуге мүмкіндік береді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар