Әлемнің бірінші ракеткасы атанған Елена Рыбакина тарихи жеңісінен кейін алғаш рет пікір білдіріп, отандастарына қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.
«Иә, бұл – тарих. Мен Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүргенімді әрдайым мақтан тұтамын. Қай қалаға барсам да, теннис ойнап жүрген балаларды көп көремін. Кортқа келетін жастардың қатары күн санап артып келеді. Қаншама жас өреннің саған қарап бой түзейтінін көру – сөзбен айтып жеткізгісіз керемет сезім.
Бұл – өзіңе сеніп, тынымсыз еңбек етсең, кез келген мақсатқа жетуге болатынының айқын дәлелі. Өкінішке қарай, Қазақстанға жиі барудың сәті түсе бермейді. Қазір қолыма телефон да ұстап үлгермедім, бірақ құттықтап жатқан адамдардың өте көп екенін сеземін. Елге барған кезде баршаңызға арнайы алғыс айтқым келеді. Бұл – бүкіл еліміз үшін үлкен мәртебе әрі ортақ жеңіс»,- деді Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің ширек финалынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.