Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өзен жағасына апарып, азаптаған»: Тараздық емхана қызметкерінің өліміне қатысты дерек шықты

14:19, 09 қыркүйек 2026

Таразда емхана қызметкері аяусыз соққыға жығылып, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz.

Марқұмның әпкесінің айтуынша, емделушілердің бірінің бұрынғы күйеуі оған телефон арқылы бірнеше рет қоқан-лоқы көрсетіп, кездесуге шақырған. Оқиға болған күні ол осы ұсынысқа келісіп, кездесуге барған.

Туыстарының сөзінше, кездесу орнына үш ер адам келген. Олар азаматты басынан металл затымен ұрып, өз автокөлігінің жүксалғышына салып, Аса өзенінің жағасына алып кеткен. Ол жерде марқұмды аяусыз соққыға жыққан.

Кейіннен күдіктілер зардап шеккен азаматты өзінің автокөлігімен ауруханаға жеткізіп, оны көшеден тауып алғандарын айтып сылтауратқан. Алайда, дәрігерлердің әрекетіне қарамастан, ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Марқұмның жақындары бастапқыда үш күдікті ұсталғанымен, кейін олардың екеуі босатылғанын хабарлады. Сонымен бірге, отбасы оқиғаның куәгерлеріне қысым жасалуы мүмкін деген қаупін білдірді. Қайтыс болған азаматтың артында екі кішкентай қызы қалды, ал бірнеше күннен кейін ол 30 жасқа толмақ еді.

Қазiргi таңда марқұмның жақындары қайғылы жағдайға қатысы бар барлық тұлғаларды жауапкершілікке тартуды талап етуде. Полиция департаменті тарапынан ресми түсініктеме күтілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар