Украина президенті Владимир Зеленский астық және және энергетика мәселелері бойынша Ресеймен ымыраға келуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Зеленский астық пен энергетика мәселелері Украина мен Ресей үшін ғана емес, әлемнің өзге де елдері үшін маңызды екенін атап өтті.
«Астық, энергетика – Украина мен Ресей үшін ауыр мәселелер. Қазір бұл Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Мысыр, Азияның көптеген елдері үшін де өзекті. Біз ымыраға келудің жолын табуға дайынбыз», – деді Владимир Зеленский.