Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өзара түсіністік бар”: Кремль Путин мен Трамптың кездесуі қашан өтуі мүмкін екенін айтты

20:00, 09 қыркүйек 2026

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясында кездесуі мүмкін, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Оның айтуынша, екі ел басшысы телефон арқылы сөйлескенде бұл мәселені нақты талқыламаған.

«Нақты тұрғыда – жоқ. Алайда жалпы алғанда мұндай мүмкіндік туындауы мүмкін екені жөнінде өзара түсіністік бар», – деді Дмитрий Песков.

Айта кетейік, бұған дейін Дмитрий Песков саммит аясында Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ президенті Дональд Трамп және ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің үшжақты кездесу өткізуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар