Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Диагнозы қандай?». Атыраудағы трагедия: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты тың дерек шықты

17:58, 09 қыркүйек 2026

Журналист Жанат Молдашова Атырауда орын алған қайғылы оқиғадан аман қалып, емделіп шыққан Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайына қатысты жаңа деректермен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұған дейін Ақбаянның үйіне шыққаны жөніндегі ақпаратты журналист оның туыстарынан естігенін, бірақ жақындары бұл қуанышты жаңалықты уақытша жарияламауды өтінгенін жеткізді.

«Ақбаян үйіне шыққан ба деп сұрап жатқандар көп. Оны кеше туыстарынан естігенмін. Арасында жақындарына хабарласып, жағдайын сұрап тұрамын. Олар үйге шыққанын айтты. Әзірге жарияламауды сұраған еді», — деп жазды Жанат Молдашова.

Журналисттің айтуынша, бауырлары Ақбаянды перзенттерінің жанына алып барған. Себебі ол балаларын өте қатты сағынып, үнемі іздеумен болған. Жақындарының сөзіне сүйенсек, Ақбаян өзінің перзенттері мен туған-туыстарын түгелдей танып отыр. Дегенмен, оның денсаулығын одан әрі оңалту және емдеу курсын жалғастыру қажет.

«Ақбаянды бауырлары балаларына алып барған. Өйткені "Балаларым қайда? Сағындым" деп жиі сұраған. Бәрін де танып тұр дейді. Бірақ әлі ем алуы керек. Нақты диагнозы белгісіз», — деді ол.

Сондай-ақ, Ақбаянның денсаулық жағдайы толық оңалған жағдайда балаларды оның қамқорлығына қайта тапсыру мәселесі қарастырылуы мүмкін. Бірақ бұл жөніндегі соңғы шешімді білім бөлімі жанынан құрылатын арнайы комиссия қабылдайтын болады.

Айта кетейік, жақындары мен туыстары Ақбаянның психологиялық жағдайын ескере отырып, оған ата-анасы мен бауырларының қаза тапқанын әлі хабарламаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар