Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанның ең жас автошабандозы қапияда қаза тапты

10:10, 08 мамыр 2024 469

Қазақстанның ең жас автошабандозы,16 жастағы Анатолий Кин 6 мамырда жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Қаралы хабарарды STK Sokol автодромының өкілдері Instagram-дағы парақшасында бөлісті

"Бүгін Толик Киннен айырылып қалдық. Павлодар бағытындағы тас жолда болған апат салдарынан біздің чемпионаттың ең жас әрі, сөзсіз, ең талантты автошабандозы қаза тапты. Толя, сен өз арманына қарай ештеңе қарайламай бағыт алдың әрі сол арманға ұмтылуға деген адалдығыңның, сондай-ақ жақындарың мен достарыңның қолдауы арқасында үлкен биіктерді бағындырып, ең мықтылардың бірі болдың. Біз сені мақтан тұтамыз, сен біздің жадымызда 16 жасар Толя болып мәңгіге қала бересің", делінген қаралы хабарда.

Деректерге сенсек, 5 мамырда жас шабандоз Алматыда дрейф сериясында жарысқа түскен. Ал 6 мамыр күні оның қазасы туралы хабарланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар