Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда никаб киюге заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін

19:35, 30 мамыр 2025 668

Қазақстанда никаб киюге заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Alash.KZ порталы Orda.kz порталына сілтеп.

Заң жобасы жайлы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтып берді.

«Жеке заң жоқ. Бұл мәселе ІІМ-нің заң жобасында қарастырылып жатыр. Онда қауіпсіздік мақсатында никаб киюге тыйым салу көзделген. Қазір ол мәжілісте талқыланып жатыр. Білуімше, бірінші оқылым жақын арада өтеді», – деді Аида Балаева Ақорда дәлізінде.

Айта кетейік, Қазақстанда қоғамдық орындарда діни киім кию мәселесі бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар