Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда жаңа кен орны табылды

14:59, 06 наурыз 2024 577

Кореяның геоғылым ғылыми-зерттеу институты (KIGAM) Қазақстанда литийдің ірі кен орнын тапты және оны игеруді жалғастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Korea Times.

Кен орны өткен жылы ашылған, бірақ институт өкілдері бұл туралы сейсенбі, 5 наурызда Сеулдегі халықаралық негізгі пайдалы қазбалар форумында хабарлады.

Шығыс Қазақстанда 1,6 шаршы шақырым аумақта литий кен орындары табылды. Бұрын бұл жерде тантал өндірілген және ол әдетте литий мен цезиймен бірге кездеседі, деп атап өтті мақалада. Институт мамандары Қазақстан үкіметінің тапсырысы бойынша бұл саланы 2023 жылдың мамыр айынан бастап зерттеп жатыр.

Геологтардың мәліметінше, кен орнындағы литий қоры 15,7 миллиард долларға бағаланып отыр.«Канадалық агенттіктің зерттеуі бойынша бұл аймақта табылған литийдің мөлшері 5,3%-ға жетеді», - деп атап өтті институт. Салыстыру үшін Батыс Австралия кеніштеріндегі литий мөлшері 2,1% құрайды.

KIGAM келесі жылы кореялық компаниямен бірге литий өндіруді бастау үшін барланған аумақта бұрғылау құқығына өтінім беруді жоспарлап отыр. Әзірге қандай компания қатысатыны жарияланған жоқ.

Литий электромобиль өнеркәсібі үшін ең маңызды минералдардың бірі болып табылады, өйткені ол батареялардың негізгі құрамдас бөлігі. 2022 жылдың қазан айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республиканың тереңдігіндегі литий қоры 50-ден 100 мың тоннаға дейін екенін мәлімдеді. Ол геологиялық қызметке литий кен орындарын барлау және игеру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар