Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан СІМ Самарқанда туристерге электрошокер қолданғаны жайлы ақпаратқа реакция білдірді

03:31, 25 мамыр 2022 275
[ad_1]



Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Өзбекстанда қазақстандық туристердің жәбірленуіне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл жөнінде "Қазақпарат" агенттігі хабарлады.


"Қазақстан сыртқы істер министрлігі не жағдай болғанын түсіну үшін хат жолдады. Біз азаматтарымыздың құқығын қорғаймыз", – деді Айбек Смадияров.


Оның айтуынша, министрлік Самарқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің Қазақстан азаматтарына электрошокер қолданғаны туралы видеоны зерттеген.


"Өзбекстан қоғамы құқық қорғау органдарының бұл әрекетін сынап жатыр. Қалай дегенмен, біз жағдайды бақылап отырмыз", - деп мәлімдеді СІМ өкілі.


Оның айтуынша, Самарқан құқық қорғау органдарында қызметтік тексеріс басталған, туристерге электрошокер қолданған қызметкерлер жұмыстан шығарылған.


21 мамырға қараған түні Самарқанда күзет қызметінің өкілдері көрші елден келген туристердің кім екенін анықтау кезінде электрошокер қолданған.


Өзбекстан ішкі істер министрлігі заң бұзған қызметкерлер жауапқа тартылатынын мәлімдеді.


Өзбекстан ақпарат құралдарының жазуынша, Қазақстаннан келген туристердің барлығында қажет құжаттар болған. Соған қарамастан полиция оларды ұстаған.






[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар