Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақ тілін әлем естуі тиіс»: Yenleak әйгілі COLORS жобасындағы тұңғыш қазақстандық әнші атанды (ВИДЕО)

11:03, 14 қаңтар 2026

Қазақстандық әнші, рэпер Еңлік Құрарбек, көпшілікке Yenleak есімімен танымал, әлемдік музыка индустриясында үлкен жетістікке жетті, деп хабарлайды Alash.kz. 

Ол халықаралық деңгейдегі танымал COLORS музыкалық платформасына шыққан еліміздің алғашқы өкілі атанды.

COLORSxSTUDIOS (Colors) — Германияда негізі қаланған, әлемге әйгілі медиажоба. Оның басты ерекшелігі — орындаушылардың тек бір түсті фон алдында жанды дауыста ән шырқауы. Бұған дейін бұл сахнада Билли Айлиш, Doja Cat және Джорджа Смит сияқты жаһандық жұлдыздар өнер көрсеткен болатын.

Тарихи оқиға туралы әншінің өзі 2026 жылғы 12 қаңтарда жанкүйерлеріне сүйіншіледі.

 

Мен ойлаймын. Қазақ тілін әлем естуі керек. Болды. Бір-екі жылда бізді бәрі естуі керек. Себебі, біздің тіліміз өте икемді. Әуенді, қатты әдемі естіледі. Құлаққа жағымды. Кез-келген әнге де, жыр айтсаң да, жағымды. Қай жағынан болсын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар