Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақ пен өзбек - бір туған". Қазақстан футболшыларын жан-тәнімен қолдаған өзбек жанкүйерлері жұртты сүйсінтті

10:50, 28 қыркүйек 2024 740

Өзбекстанның Ташкент, Әндіжан және Бұхара қалаларында футзалдан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Ұлттық ақпарат кеңістігінде Қазақстан құрамасын жан-тәнімен қолдаған өзбек жанкүйерлерімен бейнероликтері тарап, халықтың жүрегіне жылылық ұялатты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Турнирдің фавориттерінің бірі саналатын Португалия құрамасы және Қазақстан команданың матчы кезінде өзбекстандықтарың қолдауы көңіл сүйсіндірді.  

"Қазақ пен өзбек - бір туған"," Қандай керемет, жарайсыңдар!","Рақмет, Өзбекстан"," Біз де өзбектерді барлық жерде қолдауымыз керек", - деп жазады комментаторлар.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы футзалдан Әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалия құрамасымен ойнады. Ойынның соңына бірнеше секунд қалғанда Дәурен Тұрсағұлов гол салып, құрама 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?