Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазалы Қаңтар: Сөзі өткір Бердах Бекетов ақыры 7 жылға сотталып кетті

11:35, 27 қаңтар 2025 2770

Қалаулым" бағдарламасы арқылы танылған, Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған Бердах Бекетовке үкім шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

Бердах Бекетов Қаңтар оқиғасында "жаппай тәртіпсіздік жасады" деп айыпталған еді. Сот үкімімен бірнеше бап бойынша ол 7 жылға сотталды.

Полиция Бердах Бекетовті 2022 жылы 22 қаңтарда көшеден ұстап, алып кеткен. Оған "Жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Бердах Бекетов тергеу изоляторында отырып үш рет хат жазған. 25 қаңтардағы хатында прокурорлар сөзін тыңдамай жатқанын, азаптау көріп жатқанын жазып, көпшіліктен араша болуды сұраған. 2 наурыздағы хатында кінәсіз екенін жазып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша болуын сұраған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар