Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайрат Сатыбалдының құдасы салдырған мешіттің ашылуына Құран жазған қазақ келді

18:01, 24 мамыр 2024 1020

Құран кітабын үш жыл бойы қолмен жазып шыққан каллиграф Шейх Осман Тоха (ұлты қазақ) Шымкент қаласына келіп, Сейітжан қари Есжанұлы рухани орталығының ресми ашылу салтанатына қатысты.

Сейітжан қари Есжанұлы атындағы үлкен мешіт Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан. Мешіт ішінде бір мезетте 12 мыңға жуық адам мінәжат ете алады. Ал, мешіттің кіреберіс алаңы 10 мыңға жуық адамға шақталған.

Қазақстан – жүрегінде Құранға деген махаббат бар халық екен. Осындай халықтың ортасына келгеніме қуаныштымын. Екінші қуанышым – бабамның кіндік қаны тамған жеріне алғаш рет келуім. Баршаңызға алғысымды айтқым келеді, - деді Шейх Осман Тоха.

Жасы 90-ға келген каллиграф Сауд Арабиясында тұрады, ұлты – қазақ. Ол 1934 жылы дүниеге келген. Әкесі – шейх Абдо ибн Хусейн Тоха мешіт имамы және уағызшы болған. Каллиграфия ережесін сол әкесінен үйренген.

Шейх Осман Тоха Сауд Арабиясында жыл сайын миллиондаған тиражбен басылып шығатын Құран кітабын және оның бірнеше тілдегі аудармасын өз қолымен жазып шыққан.

Естеріңізде болса, мешіттің құрылтайшысы атақты миллионер Серікжан Сейітжанов. Қайбір жылы Сейітжановтар Қайрат Сатыбалдының қызын келін етіп түсіріп, Шымкентте астатөк той жасап, тойды Тұрсынбек Қабатов басқарып, бірнеше тонна торт тартылған болатын қонақтарға. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар