Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жоққа шығармаймын»: Баян Мақсатқызы Тұрсын Алагөзовтің бірінші жұбайымен қарым-қатынасы туралы айтты

14:16, 03 қыркүйек 2026

Танымал продюсер Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында отбасылық қарым-қатынастар мен бұрынғы өкпе-реніштер туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Сұхбат барысында журналист продюсерден «Тұрсын мырзаның бірінші жұбайымен бір дастарқан басында отыруыңыз мүмкін бе?» деп сұраған еді.

Продюсер мұндай жағдайда, ең алдымен, балалардың көңілін бірінші орынға қою керектігін жеткізді. Оның пікірінше, бұрынғы өкпе-реніштерді ұмытып, мәдениетті қарым-қатынасты сақтау маңызды.

«Ешқашан "ешқашан" деп айтпа дейді ғой. Егер адамдар ажырасқанда айғай-шусыз, ұрыс-керіссіз, төбелессіз, бір-біріне қастандық жасамай, мәдениетті түрде айырылыса алса, бәрі әлдеқайда жақсы болар еді. Сондықтан мен ештеңені жоққа шығармаймын. Ол – мен араласатын балалардың анасы. Мен бұған қарсы емеспін», – деді Баян Алагөзова.

Сонымен қатар өнер иесі Тұрсын Алагөзовтің ұлы үйленсе, оның қуанышына ортақтасып, тойына барғысы келетінін де жасырмады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар