Астанадағы 1 көпбейінді балалар ауруханасының жас дәрігері, балалар анестезиологы және реаниматолог дәрігер Александр Граб мезгілсіз көз жұмды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Балалар анестезиологы және реаниматолог дәрігері Александр Васильевич Грабтың қайтыс болғанын терең қайғымен хабарлаймыз. Александр Граб бүкіл ғұмырын балалардың өмірін аман алып қалуға тырысты. Ұзақ жылдар балалардың жансақтау бөлімін басқарды. Білікті маман, қамқор әріптес, үлкен жүректі азамат өзімен бірге жұмыс істеу мәртебесіне ие болғандардың есінде мәңгі сақталады. Аурухана ұжымы Александрдың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Оның есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», - деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.