Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қарағашқа оралып қалған". Жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

13:05, 08 ақпан 2025 116

Алматы-Өскемен тасжолының үстінде жантүршігерлік жол апаты болды. Кесірінен жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Alash.KZ.

Жол апаты 8 ақпан күні, Алматы-Өскемен тас жолының 271- шақырымында болды.

Ulysmedia.kz порталының хабарлауынша, Ауди автокөлігінің жүргізушісі рөльге ие бола алмай жолдың ортасында тұрған ағашқа соғылған. Апат салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты, тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар