Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қарағандыдағы тұрғын үйдегі жарылыс: тағы бір адам көз жұмды

03:42, 13 ақпан 2024 296
Қарағанды облысы Ботақара кентіндегі көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылып, салдарынын бір адам көз жұмды.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 30 қаңтарда ер адам денесінің 80%-ынан астамын күйік шалып, ауруханаға жеткізілген.
«Үлкен аумақты термиялық жарақат алып жатқанын, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануын, ауыр күйік шогын, көп мүшелер жеткіліксіздігінің ұлғаюын және тағы басқа қабылданған шараларға қарамастан, пациенттің 9 ақпанда қайтыс болғанын хабарлаймыз», - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Сонымен қатар, тағы бір ересек науқас пен бір бала ауруханадан шықты.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар