Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қарағандыда тұрғын үй өртеніп, 2 бүлдіршін қаза тапты

14:37, 09 қаңтар 2025 195

9 қаңтар күні Пришахтинск көшесінде тұрғын үйде өрт шықты. Нәтижесінде көміртегі тотығымен улану мен күйіктерден 2 және 4 жасар екі бала қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 және 9 жасар екі бала өртеніп жатқан үйден өздері шығып кеткен.

«Екі пәтерлі тұрғын үйдің бір бөлігінде шатырдың, қабырғалардың және тұрмыстық заттардың жануы болды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 2017 және 2015 жылғы екі бала өздігінен шығып, балалар клиникалық ауруханасына көміртегі тотығымен улану диагнозымен жеткізілді.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 1964 жылғы әйелді құтқарып, Макажанов атындағы клиникаға жатқызды. Сондай-ақ құтқарушылар 2020 және 2022 жылғы екі баланың мәйітін тапты», – деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

 

Ресми мәліметтер бойынша, өрттің жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрады.

«Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды», – деп қосты ведомстводан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар