Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының әкімдігі мерекені безендіруге шамамен 176 миллион теңге жұмсамақ.
Бұл туралы мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған.
Тапсырыс беруші – «Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; атауы – эстетикалық дизайн қызметтері; қосымша сипаттама – мерекелік безендіру элементтерін ұстау бойынша қызметтер; жоспарланған сома 175 892 857 теңге, - делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 15 наурыз бен 3 сәуір аралығында жүргізіледі.