Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаңтар оқиғасы кезінде қырғызстандық музыкантты азаптаған төрт полицей ұсталды

14:51, 14 сәуір 2024 750

Қазақстанда Қантар кезінде қырғызстандық Викрам Рузахуновты азаптау ісі бойынша төрт полиция қызметкері ұсталды.

Қырғыз джазмені Викрам Рузахунов 2022 жылдың қаңтарында өзін азаптаған Алматы полициясының төрт қызметкерін анықтағанын айтты. Олар ұсталып, қамауға алынды.

«Олардың бірі азаптау мен зорлық-зомбылық фактісін мойындады, екіншісі өтірік пен алдаудың тағы бір бөлігін тарату үшін лас блогерлер мен жемқор журналистерді жалдап, өз балалары мен анасын пайдаланып, өзін-өзі өртеу әрекетін ұйымдастырамыз деп қорқытты», - деп қосты қырғызстандық Рузахуанов.

Рузахуновтың айтуынша, оның ісі Қазақстанның Бас прокуратурасына берілген. Қадағалау органы музыкантпен бірге азапталған басқа 22 адамның ісін де тергеп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар