Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қанша алматылық банкроттыққа ілінді?

14:42, 20 мамыр 2024 452

Мемлекеттік кірістер департаментінде алматылықтардың қаншасы банкрот деп танылғаны айтылды.

Қалада жыл басынан бері 1727 өтініш берілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қарызын өтей алмайтын борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Айдос Будугулов мәлімдеді.

Заң 2023 жылы наурыздан бастап күшіне енді. Заңды іске асырудың мақсаты - азаматтардың борыштық жүктемесін азайту. Заң күшіне енген күннен бастап Алматы қаласы бойынша келіп түскен өтініштердің саны - 8100, оның ішінде биыл 1727 өтініш түскен.

  • 6 664 005 898 (6,6 млрд) теңге сомасында банкрот деп танылған 1 134 азаматқа қатысты рәсімдер аяқталд (жыл басынан бері 370 банкрот 3 016 427 806 (3 млрд.) теңге сомасында);
  • 5 980 (жыл басынан бері 1 046) өтініш бойынша азаматтар рәсімді қолданудан бас тарту туралы хабарлама алды;
  • 676 өтініш қабылданып, қаржылық мониторинг жүргізілу басталды.

Сондай-ақ, спикер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібін түсіндірді. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру арқылы тұрақты табыс көзі болған жағдайда қарызды 5 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылады.

Борышкерге қойылатын жалғыз шарт қарыз сомасы қарыз алушының меншігіндегі мүліктің құнынан аспауы керек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар