Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаңтарда оққа ұшқан туыстарын ақтауды талап еткен топ Ақорда маңында қонды. Арасында 4 айлық нәрестесін көтерген келіншек те бар

10:06, 13 шілде 2022 251
[ad_1]



Қаңтар оқиғасында оққа ұшқан жақындарын ақтауды және қантөгісті әділ тергеуді талап еткен топ 13 шілдеге қараған түні Ақорда маңында қонып шықты. Олардың президент әкімшілігі маңында қонғанына екінші түн болды. Наразылар арасында 4 айлық нәрестесін емізіп жүрген ана да бар.

– Біз президенттің шығуын талап етіп отырмыз. Себебі осы уақытқа дейін прокуратураға да бардық. Басқа мекемелерге де бардық. Ешқандай нәтиже жоқ. Енді біз тек арыз-талаптарымызды президентке қана айтқымыз келеді, – деді наразылардың бірі Арайлым Сағатбекова.

Оның айтуынша, бірінші түні қатты жаңбыр жауып, наразылардың кейбірі қатты тоңған. Соның салдарынан кейбір азаматтар ауырып қалған. "Оларға жедел жәрдем көлігін шақыртамыз деп отырмыз" деді ол.

Арайлым Сағатбекованың сөзіне қарағанда, Ақорда маңында қонған топтың арасында 4 айлық нәрестесін көтерген келіншек те бар.

– Ортамызда Әйгерім деген қыз бала бар. Бұл кісінің төрт айлық нәрестесі бар. Төрт айлық нәресте таңның атысы, күннің батысы біздің қасымызда. Қаңтар кезінде келіншектің күйеуін атып өлтірген. Күйеуі қайтыс болған кезде осы дүниеге келген нәресте әлі туылмаған. Енді ол келіншек күйеуіне әділдік талап етеді. Күйеуіне бап тағылған. Отбасына ешқандай өтемақы, көмек бермеген. Алты ай тостық, еш нәтиже болмады, Талабымыз орындалғанша жаз болсын, қыс болсын, қар болсын, жаңбыр болсын, осы жерде жатамыз. Мәселелеріміз шешілмейінше қайтпаймыз, – деді Арайлым Сағатбекова.

Тараздан келген Бақытжан Шыңғысбеков есімді азаматтың айтуынша, мұнда Алматы, Семей, Өскемен, Қызылорда, Тараздан келгендер бар. Өзге қалалардан тағы біраз адам сәрсенбі күні қосылуы тиіс.

Наразылардың сөзіне қарағанда, қарапайым жұрт оларды қолдап, ыстық тамақ, ас-су, төсеніш әкеп берген. Ал полиция қызметкерлері оларды бақылап, қайтуға көндіруге тырысқан. Прокуратура өкілдері оларға 15 күн ішінде жауап беретінін айтқан.

(Ақпарат толықтырылады).



[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар