Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаңтар қасіреті: қанша адам сотталды?

05 сәуір 2022 166
[ad_1]


Қазақстанда Қаңтар оқиғасынан кейін қозғалған қылмыстық іс бойынша 152 адам сотталған. Оның 17-сі түрмеге қамалған. Бұл жөнінде сәуірдің 4-іне түстен кейін Орталық коммуникация қызметіндегі брифинг кезінде Бас прокуратураның өкілі Елдос Қилымжанов айтты. Оның сөзіне қарағанда, "ауыр қылмыс жасап, қару-жарақ ұрлаған, оны сақтап қойған, шығынды орнына келтірмеген және бұған дейінгі соттылығы өтелмеген" адамдар түрмеге қамалған.


Қилымжановтың ақпаратына қарағанда, кінәсін мойындап, шығынды орнына келтіргеніне байланысты 35 адамның бостандығы шектеліп, қоғамдық жұмысқа жегілген. Ведомство аралық жедел тергеу тобы 242 қылмыстық істі қарап жатыр, оның 44-і "терроризм актісі" және 47-сі "жаппай тәртіпсіздік" жөніндегі істер. Қазірге дейін 323 адамға байланысты 209 қылмыстық іс сотқа жіберілген.


Бас прокуратураның мәліметінше, 733 адам қамауда отыр.


Бас прокуратура өкілінің брифингте айтқан сөзіне қарағанда, қызмет бабындағы әрекетсіздігі үшін 9 қылмыстық іс қозғалған. 5 қаңтарда ҰҚК-нің үш департаментінің бастығы мен полицияның екі департаментінің бастығы қызмет орнынан кетіп қалған.


Брифинг кезінде Жамбыл облыстық полициясы бастығының орынбасары мен Алматы әуежайындағы желілік полиция бастығының ұсталғаны хабарланды.


Қилымжановтың мәліметінше, Алматы қаласы, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облыстарында міндетін атқарып жүрген 19 офицердің қандай жағдайда мерт болғаны анықталған.


Билік тергеуде заңсыз тәсіл қолданғаны және азаптағаны жөніндегі шағымдар мен қозғалған қылмыстық істердің санын 14 наурыздан бері жаңартпаған. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы 14 наурызда 234 іс қаралып жатқанын жариялаған болатын. Дүйсенбідегі брифингте сөйлеген спикерлер бұрынғы мәліметті қайталап, ҰҚК департаментінің сегіз қызметкері мен бір полицей қамауға алынғанын айтты.


14 наурызда ҰҚК "мемлекетке опасыздық жасау", "билікті басып алу" және "аса ірі көлемде пара алу" фактілері бойынша 15 іс тергеліп жатқанын хабарлаған еді. Бас прокуратураның хабарына қарағанда, бұл істер бойынша ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары қамауға алынған. "Қызмет өкілетін асыра пайдаланды" деген күдікке ілінген осы ведомствоның тағы екі басшы қызметкері қылмыстық жауапқа тартылған.


Биыл қаңтардың басында газ бағасын 50 теңгеден асырмау туралы Жаңаөзенде басталған талап Қазақстанның әр өңірлерінде жалғасып, қантөгіске ұласқан еді. Қазақстан билігі қантөгіске "шетелде әзірленген террористер айыпты" деп мәлімдегенімен, нақты дәлел келтіре алмаған. Ресми мәліметке қарағанда, Қаңтар оқиғасында кемі 230 адам өлген. Тағы да сегіз адам тергеу абақтыларында қайтыс болған.


Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов Еуропадағы Euractiv басылымында 29 наурызда жарияланған сұқбатында "Қаңтар оқиғасында 150 адам қайтыс болды" деген мәлімет келтірген.


Қаңтар оқиғасынан кейін мыңдаған адам қамалып, жүздеген адамға "жаппай тәртіпсіздікке қатысты", "қару-жарақ ұрлады", "террор жасады" деген айып тағылған. Қамалғандардан тергеу кезінде ұрып-соқты, азаптады деген шағымдар шағым жиі түскен.





[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?