Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаңтар оқиғасы кезінде әрекет етпеген лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу аяқталды

16:15, 14 желтоқсан 2022 320


Қаңтар оқиғасы кезінде әрекет етпеген лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.



«Мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік мүдделеріне қайшы, қарсылық көрсетпей, қызметкерлер қару-жарақ пен оқ-дәрілер орналасқан Алматы және Жамбыл облыстарының полиция департаменттерінің ғимараттарын тастап кеткен фактілері де болды. Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облыстары Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің лауазымды тұлғалары да әрекетсіздік танытты», - деді Қилымжанов Қаңтар оқиғасына байланысты тергеу туралы өткен брифингте.



Оның айтуынша, аталған фактілер бойынша арнайы прокурорлар тергеуді аяқтады, қазір қылмыстық іс материалдарымен танысу рәсімі жалғасып жатыр.




Қауіпсіздік күштері тарапынан тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану фактілері тіркелді. Ұсталғандарға дене жарақатын келтірген Алматы облысы полиция департаментінің бірқатар қызметкерлеріне қатысты сот процесі жүріп жатыр, - деді Қилымжанов.




Айтуынша, күдіктілерге қатысты түрлі бұлтартпау шарасы қолданылған. Оның ішінде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы да бар.



Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар