Бұрын отбасылық мәселесі бар әйелдерді ажырасуға ашық шақырады деп айыпталған танымал коуч әрі блогер Роза Әшірбаева өз ұстанымын дәлелдеп, әлеуметтік желіде арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Өз басынан өткен немесе өзі куә болған оқиғаларды мысалға келтірген блогер отбасының шайқалуына түрткі болатын негізгі факторларды тізіп шықты. Бұған дейін танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова блогердің бұл әрекетін қатаң айыптап, оның бастарына іс түскен әйелдерді бірден некелерін бұзуға итермелейтін теріс кеңестеріне ренішін білдірген еді. Ал, Роза Әшірбаева бұл оқиғалардың аз ғана бөлігі екенін айтып:
«Бұл мен танитын хикаялардың төртеуі ғана. Жалғастыра берсең көп. Қайсыбірін айтайын? Әлі күнге дейін ажырасудың не себепті көп екенін түсінбейтіндерге таңғаламын. Ресми статистикаға қарасақ: ұрып-соғу, алкоголь, құмар ойын, есірткі, көзге шөп салу және туыстардың ортаға түсуі. Ал сіздің таныстарыңыз не үшін ажырасты?» — деп, оқырмандарына сауал тастады.