Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путинді алғаш болып Солтүстік Корея басшысы құттықтады

18 наурыз 2024 155

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын қазіргі президент Владимир Путинді Ресейдегі президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Кореяның орталық ақпарат агенттігі (KCNA) хабарлады.

Хабарлама Ресей Сыртқы істер министрлігіне Солтүстік Кореяның Ресейдегі елшісі Шин Хонг-чоль арқылы жіберілген.

«18 наурызда КХДР Мемлекеттік істер жөніндегі төрағасы Ким Чен Ын жолдас Владимир Владимирович Путинді Ресей Федерациясының президенті болып қайта сайлануымен құттықтады», - деп хабарлайды KCNA.

Ким Чен Ыннан бөлек, Владимир Путинді жеңісімен посткеңестік елдер ішінен алғаш болып Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон құттықтады. Сондай-ақ, Венесуэла президенті Николас Мадуро да құттықтау жеделхатын жолдаған.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, президенттік сайлауда хаттамалардың 99,52% өңделгеннен кейін Владимир Путин (өзін-өзі ұсынған) 87,33% дауыс жинаған. Оның қарсыласы Николай Харитонов (РФ Коммунистік партиясы) 4,30%, Владислав Даванков (Жаңа адамдар) - 3,81%, Леонид Слуцкий (ЛДПР) - 3,20% жинады. Мәскеу уақыты бойынша сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша, барлық аймақтарда сайлаушылардың 74,22 пайызы дауыс берген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?