Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путинмен келіссөз кезінде біздің барлық келісімдеріміз күшінде қалатынын айттым" - Қ.Тоқев

12:42, 15 маусым 2022 157
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан одақтастар алдындағы міндеттемелерінен бас тартпайды деп мәлімдеді. Барлық жасалған келісім күшінде қалады деді ол "Қазақстан санкцияны бұзбай Ресейге экономикалық тұрғыда көмектесе ме?"деген сұраққа жауабында.


"Путинмен келіссөз кезінде біздің барлық келісімдеріміз күшінде қалатынын айттым. Басқаша істеу дұрыс емес және пайдасыз болар еді" деді ол.


Сонымен бірге Тоқаев Қазақстан Ресейге салынған "санкцияларды бұзбауы тиіс" екенін айтты.


"Оның үстіне біз Батыс тарапынан қосалқы санкциялар туралы хабарламалар алып жүрміз. Өте күрделі, шетін жұмыс істеліп жатыр, оны Сцилла мен Харибда арасынан өткенге теңер едім" деді Тоқаев.


Бұған қоса ол "Қазақстан ЕАЭО мен ҰҚШҰ-ға салқын тарта бастады, тіпті одан шығады деген әңгімелердің барлығы мүлде шындыққа жанаспайды" деп мәлімдеді.


Ресей Украинаға қарсы соғыс ашқаннан кейін және Батыс сол үшін оған санкциялар салғаннан Қазақстан билігі солтүстіктегі көршісі жайлы ұстанымын ұзақ уақыт ешқандай пікір білдірмеген.


Наурыздың аяғында президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Тимур Сүлейменов EURACTIV news басылымына берген сұхбатында, Украинаға басқыншылығын жалғастырып жатқан Мәскеуге Батыстың салған санкцияларын айналып өтуге Қазақстан көмектеспейді деп мәлімдеген.


Сарапшылардың пікірінше, Ресейге Украинаға соғыс ашқаны үшін Батыс салған санкциялар қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер еткен. Елде азық-түлік пен басқа да тұтыну тауарлары айтарлықтай қымбаттап, қант сияқты кейбір тамақ өнімдері қат тауарға айналды.


Мамырда Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі санкциялар салдарынан Ресейдің Қазақстандағы "еншілес" үш банкінде 21 миллион доллар бұғатталғанын хабарлады.


Ал өткен айда осы агенттік қазақстандық Банк ЦентрКредиттің Ресейдің "Альфа Банктің" қазақстандағы еншілес ұйымын сатып алуға келісім бергені мәлім болды. Қаржы нарығын реттеу агенттігі банк акцинерлерінің ауысуы АҚШ пен басқа бірқатар елдердің салған санкциясынан "Альфа Банктің" біртіндеп шығуына септесетінін мәлімдеген.


Ресейдің байырғы одақтасы әрі Мәскеу басым роль атқаратын Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше Нұр-Сұлтан көрші мемлекеттің Украинаға агрессиясын айыптаған жоқ. Ресейден Украинадан әскерін әкетуін талап еткен БҰҰ қарарына дауыс берген кезде де Қазақстан қалыс қалған.


Маусымның басында Еуропа одағы Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы бөлігін ресми түрде бекітті. Онда Ресей мұнайына ішінара эмбарго салу қарастырылған.




Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар