Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Приғожин Мәскеуге таяп қалды

16:48, 24 маусым 2023 190
Приғожин Мәскеуге тақап қалды: Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді...

Путиннің "балтырын қанатқан" Приғожин тұп-тура 4 сағаттан кейін Кремльге жетеді. Ресей азаматтық соғыстың табалдырығында тұр.

Тоқаев теріскейдегі оқиғаларды жіті бақылап отыр.

Мемлекет басшысы Ресейдегі оқиғалардың Жаңа Қазақстанды шарпып өткенін қаламайды. Шекара шебін күшейту шарт. ҚорғанМин кез-келген сценарийге төтеп беріп, тас-түйін отыруы тиіс. Приғожинді сабасына түсірмесе орыстар Қазақстанға қарай шұбыра бастайды. Бұл "Уагнермен" байланысты қауіп-қатердің бергі жағы ғана...

DAlA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Тоқаев бүгін-ертең Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді.

Ақорда идеологтары Ресейдегі хаостың себебі мен салдарын талдау үстінде.

Кремль көсемімен телефон арқылы сөйлескен Тоқаев "Приғожиннің бүлігі Мәскеудің ішкі мәселесі екенін" атап өтті.

Мемлекет басшысы осы арқылы ОДКБ-ның Ресейге бармайтынын аңғартты.

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар