ШҚО-да кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды Alash.kz.
Шығыс Қазақстан облысында жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.
Күдіктілер ретінде екі ер адам танылып отыр, олардың бірі – бұрынғы полиция қызметкері. Бұл туралы Письма Президенту Telegram арнасы хабарлады.
Алтай аудандық полиция бөлімінің тергеушілері 29 жастағы Нұрбек Дәурен мен 35 жастағы Асқар Жұмағұловқа қатысты іс қозғаған. Оларға 16 жасқа толмаған екі жасөспірімге бірнеше рет сексуалдық сипаттағы қылмыс жасады деген айып тағылды.
Telegram арнаның мәліметінше, қылмыс жасалған уақытта Асқар Жұмағұлов құқық қорғау органында қызмет атқарған.
Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, Асқар Жұмағұловтың ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан босатылғаны белгілі болды.
Тергеу аясында қылмыстық істің барлық мән-жайы анықталуда.