Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Педофилдер мен террористерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады

09:22, 14 ақпан 2024 441
Педофилдерге, экстремистер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады.

Бүгін Мәжіліс халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдады.

Еске салсақ, заң жобасы бірінші оқылымда 2022 жылдың сәуірінде мақұлданған болатын.

Құжаттарда кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін сотталған шетелдіктердің Қазақстанға келуін, сондай-ақ ел азаматтығын алуын шектеу ұсынылады.

Сонымен қатар экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынады.

Фото: pixabay.com
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар