Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзін бақытты ету үшін 60 мыңға іш киім ал: Жеңіс Ысқақова Тұрсынбаеваны сынап тастады

09:12, 18 маусым 2024 821

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова «ADAL Adam» Youtube арнасына берген сұхбатында коучтарды сынап тастады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы

Jambylinfo.kz сайтының жазуынша, ол айтыскер ақын айнұр Тұрсынбаева бастаған коучтарға ренішін білдірді. 

Жеңіс Ысқақова Айнұр Тұрсынбаеваның курсын сатып алса да қарызға іш киім алып, өмірін өзгерткісі келіп жүрген әйелдерді сынаған.

«Әлеуметтік желіден бір ер адамның Айнұр Тұрсынбаева туралы жазғанын оқып қалдым. Ол кісінің айтуынша, әйелінің әріптесі бар екен, өзі ұстаз. Сол кісі Айнұрдың сабағын сатып алып, өзін бақытты ету үшін дүкеннен 60 мың теңгеге  бірнеше дана іш киім сатып алыпты. Оның үстіне, онысын қарызға алып, ақшасын төлей алмай жүр екен. Әлгі ер адам: «Айналайындар-ау, Айнұрды тыңдап, ешқашан қымбат іш киім кие алмайсыңдар, керісінше, сендердің ақшаларыңа қымбат іш киімді Айнұр киеді. Ал сендер, өмір бақи тиын санап жүресіңдер» деп жазыпты. Шынында да, бұл ұят нәрсе ғой. Қазір кім-кімге ақыл айтып жүр сонда?»,-деген Жеңіс Ысқақова коучтар елге ақыл айтпастан бұрын өз өмірлеріне қарап алсын дейді.

Журналистің “сонда Айнұр Тұрсынбаеваның елге ақыл айтатындай  құқы жоқ па” деген сауалына Жеңіс Ысқақова былай жауап берген:

«Ол неге әйелдерді жолынан адастырады? Жалпы әлеуметтік желіде отырып алып, ешкімнің біреуге ақыл айтуға құқысы жоқ. Әуелі өзіңді жөндеп алсаңшы».

Бұл ретте Жеңіс Ысқақова ақыл айтып,ақша тауып жүрген адамдарды жазаға тарту керек деген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар