Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек әскери бөлімінде қаза болған сарбазды ата-анасы жер қойнына тапсырды, деп хабарлайды Alash.KZ порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
14 қаңтар күні Жетісу облысы, Сарыөзек әскери бөлімінде жас сарбаз өзін жүрек тұсынан атып өлтіргені хабарланды.
Құрлық әскерлері қолбасшылығының мәліметінше, сарбаз оқу-жаттығу барысында қарумен жұмыс істеу ережелерін бұзып, өлімге әкелетін жарақат алған.
Ата-анасы зар еңіреп отыр.
"Өз аяғымен кеткен балам табытпен келді. Жаным-ай" - дейді марқұмның ата-анасы.