Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні Айгерім Саркенова әлеуметтік желіде отбасы туралы жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп жазады Alash.kz
Ол жас отбасылардың жеке шаңырақ көтеріп, ата-анадан бөлек тұруға ұмтылатынына қатысты өз пікірін білдірді. Айгерімнің айтуынша, жолдасымен отау құрғанына тоғыз жыл өтсе де, олар әлі күнге дейін ата-анасымен бірге тұрады. Мұны ол қиындық емес, керісінше, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық пен татулықты нығайтатын құндылық деп санайды.
Келіннің сөзінше, әсіресе әкесінің отбасындағы орны ерекше. Оның өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңесі мен қолдауы талай қиындықты бірге еңсеруге көмектескен.
«Көптеген жас отбасылардың бөлек тұрғысы келетінін білемін. Ал біз отау құрғанымызға 9 жыл болса да, осы уақыттың ішінде папа мамамен бірге тұрамыз. Бұл біз үшін қиындық емес, керісінше, бір-бірімізге жақын болып, тату тәтті өмір сүруімізге себеп болды.Әсіресе, әкеміздің орны ерекше. Оның ақылы, қолдауы мен даналығы талай қиындықты еңсеруге көмектесті. Отбасымыздың берік болуының бірден-бір себепкері де осы кісі деп айта аламын», – деп жазды Айгерім Саркенова.