Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жапониядағы тарихи жеңіс: Қазақстан пара велоспортшылары бір күнде екі алтын еншіледі

12:48, 23 қазан 2026

Айти-Нагояда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы пара велоспорттан екі бірдей алтын медальді жеңіп алып, ұлттық қоржынды тағы да салмақты жүлделермен толықтырды, деп хабарлайды Alash.kz.

2026 жылғы 23 қазанда өткен бәсекеде ел намысын қорғаған екі тандем де B класы бойынша шосселік жарыста қарсыластарынан озық шықты. Ерлер арасындағы сайыста стокер Наиль Ермуханбет пен пилот Руслан Алиев 2:01:21 уақыт көрсеткішін тіркеп, мәре сызығын бірінші болып кесті. Бұл жеңіс қос спортшының Айти-Нагоя ойындарындағы екінші, ал ел құрамасының пара велоспорттан еншілеген үшінші алтын жүлдесі саналады.

Сондай-ақ әйелдер арасындағы тартысты додада стокер Анастасия Калаус пен пилот Полина Братчикова да топ жарып, 2:05:47 нәтижесімен алтын медаль иеленді. Бұл триумф пара велоспорт шеберлерінің аталған турнирдегі төртінші алтыны болса, Қазақстан ұлттық құрамасының жалпы есептегі 12-ші алтын жүлдесі ретінде ел қоржынына жазылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар