Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«1:5»: Алматылық «Қайрат» грекиялық ұжымнан ірі есеппен жеңілді (ВИДЕО)

09:18, 23 қазан 2026

Алматыдағы Орталық стадионда өткен Конференция лигасының жалпы кезеңінің екінші тур матчында елордалық команда үлкен есеппен жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Alash.kz.

Турнир аясында грекиялық «Панатинайкос» клубын қабылдаған алматылықтар қарсыластарына 1:5 есебімен есе жіберді. Кездесудің басынан бастап белсенділік танытқан қонақтар есепті ерте ашты. Ойынның 6-минутта Висенте Таборда өз командасын алға шығарса, көп ұзамай алаң иелерінің қақпасына пенальти белгіленді. Төреші тағайындаған 11 метрлік айып добын Сирил Дессерс сәтті орындап, есепті еселеді. Сонымен қатар 29-минутта гректердің шабуылшысы Тетте үшінші допты соққанымен, қапталдағы төреші офсайд тіркеп, голды есепке алған жоқ.

Ойынның екінші таймы да қонақтардың басымдығымен жалғасты. «Панатинайкос» сапынан Сирил Дессерс дубль авторы атанып қана қоймай, артынан Кангва мен Растодер де мергендігімен көзге түсіп, командасының басымдығын арттыра түсті. Дегенмен, ойын тізгінін бергісі келмеген алаң иелері соңғы минуттарда нәтиже шығаруға тырысты. Матчтың 79-минутында «Қайрат» сапынан Исмаил Бекболат қарсылас қақпасына гол соғып, ойынның нүктесін қойды.

Еске сала кетейік, Кирилл Уразбахтин шәкірттері бұл жарыстың бірінші туры аясында сырт алаңда Латвияның «Рига» клубымен тең ойнап (1:1), бір ұпай еншілеген болатын. Алдағы уақытта алматылық ұжым жалпы кезең аясында «Аталанта», «Мьельбю», «Университет Крайова» және «Твенте» командаларымен кездесулер өткізеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар