Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алдағы мереке күндері Астана, Алматы, Шымкент тұрғындары қайда демалуға болады?

21:50, 22 қазан 2026

25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Мерекеге орай тұрғындарды қатарынан бірнеше күн демалыс пен түрлі мәдени-көпшілік шаралар күтіп тұр. Бағдарламада концерттер, театр қойылымдары, көрмелер, спорттық бәсекелер және ойын-сауық кештері бар. 24, 25 және 26 қазанда Астана, Алматы мен Шымкентте баруға болатын іс-шаралар тізімін Alash.kz ұсынады.

Астанада қайда баруға болады?

24 қазан

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, 24 қазанда Астананың алты ауданында мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Өнерпаздар қалалық саябақтарда, скверлерде және тұрғын алаптарында өнер көрсетеді.

Сағат 12:00-де басталатын концерттер

  • Теміржолшылар тұрғын алабында Лұқпан Жолдасов пен Меруерт Бақыт ән шырқайды.

  • Байқоңыр ауданында Фарида Жолдасова, Бауыржан Исаев және Мәдина Исламова өнер көрсетеді.

  • «Айғыржал» скверінде Айгүл Иманбаева мен Тұрар Төлеутай сахнаға шығады.

  • Өнеркәсіп, Көктал-1 және Көктал-2 тұрғын алаптарында да қазақстандық әншілердің қатысуымен мерекелік бағдарламалар өтеді.

Сағат 15:00-де басталатын концерттер

  • «Жастар» саябағында Дидар Мансұр, Медет Шайкелов және «Астана» тобы өнер көрсетеді.

  • «Ататүрік» саябағында Мәдина Исламова, Аян Жаймағамбетов және DOS тобының концерті өтеді.

  • Есіл ауданы мен Жағалау тұрғын алабында Фарида Жолдасова, Алтыншаш Мұқатаева, Нұрбол Балапанов және басқа да әртістер өнер көрсетеді.

  • Отау шағынауданы мен Қалалық алаңда да мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Қалалық алаңда DOS, Лұқпан Жолдасов және Зарина Омарова ән шырқайды.

Бұдан бөлек, 24 қазанда «Барыс Аренада» күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Жарысты тамашалау үшін билет алу қажет.

Сондай-ақ 24–25 қазан күндері «Қазанат» ипподромының автотұрағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істейді.

25 қазан

  • 17:00 — Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның камералық залында Татьяна Вицинская қатысатын «Дауыс сиқыры» концерті өтеді. Кіру билетпен.

  • 18:00 — Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Жас Абай» спектаклі қойылады. Кіру билетпен.

  • 18:00 — Бейбітшілік және келісім сарайында World Designers Fashion Week Astana 2026 сән апталығы өтеді. Алдын ала брондау қажет.

  • 19:00 — Carlin Stand Up Bar-да (Гейдар Әлиев көшесі, 1) Жамбыл Күлдеев пен Әсет Уваевтың қатысуымен «Екі микрофон» импровизациялық шоуы ұйымдастырылады. Кіру билетпен.

  • 20:30 — Harat’s Irish Pub Astana-да (Желтоқсан көшесі, 2Т) «Звери» тобының әндеріне арналған трибьют-концерт өтеді. Кіру билетпен.

26 қазан

  • 14:00 — «Абу-Даби Плазада» (Сығанақ көшесі, 60/5) «Алдар көсе ертегілері» қойылымы көрсетіледі. Кіру билетпен.

  • 16:00 — Сол жерде балаларға арналған «Қасқыр мен жеті лақ» спектаклі сахналанады. Кіру билетпен.

  • 15:00 және 19:00 — Әзірбайжан Мәмбетов атындағы драма және комедия театрында (Мәңгілік Ел даңғылы, B 2.3) Жансая Мұратбекқызының «Қабырға» атты жеке стендап-концерті өтеді. Кіру билетпен.

  • 18:00 — QazaqConcert залында (Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1) Оңтүстік Кореяның NUMORI тобы мен қазақстандық Saz & Soul ұжымының бірлескен концерті ұйымдастырылады. Кіру билетпен.

Алматыда қайда баруға болады?

24 қазан

  • 18:00 — Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында (Қалдаяқов көшесі, 35) Т. Әбдірашев атындағы Қазақстан мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі өнер көрсетеді. Кіру билетпен.

  • 19:00 — Smart Space алаңында (Байзақов көшесі, 280) камералық ансамбль «Ludovico Einaudi: Неоклассика шедеврлері» бағдарламасын ұсынады. Кіру билетпен.

  • 19:00 — Motor Club-та (Назарбаев даңғылы, 50) рэпер LUCAVEROS концерті өтеді. Кіру билетпен.

  • 19:30 — Concordia студенттік театрында (Бөгенбай батыр көшесі, 151, Масанчи көшесінің қиылысы) Нино Катамадзенің концерті болады. Кіру билетпен.

  • 20:00 — Coffee House Grain-де (Құрманғазы көшесі, 97) Тілеген Еркінбек, Берік Қанапиянов және Аманжан Махметов қатысатын «Үштік стендап. Жаңа әзілдер» кеші өтеді. Кіру билетпен.

25 қазан

  • 17:00 — 2act театрында (Мақатаев көшесі, 127/11, 1-корпус) «Brüderschaft. Братство» спектаклі қойылады. Алдын ала брондау қажет.

  • 18:30 — Ғ. Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрында (Абылай хан даңғылы, 38) «Ақбілек» спектаклінің премьерасы өтеді. Кіру билетпен.

  • 20:00 — Республика сарайында (Достық даңғылы, 56, Абай даңғылының қиылысы) Ернар Амандықтың концерті ұйымдастырылады. Кіру билетпен.

  • 20:00 — Bla Bla Bar Almaty-да (Сәтбаев көшесі, 1А) Aicha, Guantanamo және Callin’ U әндерімен танымал даниялық Outlandish тобы өнер көрсетеді. Кіру билетпен.

  • 20:00 — «Музкафеде» (Абай даңғылы, 117) TWIANO фортепианолық дуэтінің концерті өтеді.

26 қазан

  • 17:00 — Open Cinema Almaty алаңында (Жандосов көшесі, 58/1) ашық аспан астындағы киносеанс өтеді. Бағдарламаға «Спеши любить» (2002), «Майкл» (2026), «В погоне за счастьем» (2006) және «Левша» (2015) фильмдері енгізілген. Алдын ала брондау қажет.

  • 19:00 — Interius театрында (Абдуллин көшесі, 38) Белла Ахмадулинаның поэмасы негізінде қойылған «Дождь» спектаклі көрсетіледі. Кіру билетпен.

  • 19:00 — Harat’s Republic-те (Төле би көшесі, 182) Board Games Night атты үстел ойындары мен еркін әңгімелесу кеші ұйымдастырылады. Алдын ала брондау қажет.

  • 19:30 — «Тотальный театр» сахнасында (Шевченко көшесі, 114) Эндре Люнд Эриксеннің «Абайлаңыз, Питбуль-Терье!» кітабының желісі бойынша «Абайлаңыз, қабаған ит!» спектаклі қойылады. Кіру билетпен.

Шымкентте қайда баруға болады?

24 қазан

  • 11:00 — Шымкент қалалық қуыршақ театрында (Қазыбек би көшесі, 34) «Самый большой друг» спектаклі ұсынылады.

  • 17:00 — Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда Қазақстан Премьер-лигасы аясында «Ордабасы» мен «Жеңіс» командалары кездеседі. Кіру билетпен.

  • 19:00 — «Разработка» тәуелсіз театрында (Сайрам көшесі, 1/1) Михаил Хейфецтің пьесасы негізінде «Спасти камер-юнкера Пушкина» қойылымы көрсетіледі. Кіру билетпен.

  • 20:00 — Jaman Bar-да (Түркістан көшесі, 4) Темірлан Жалдыбаевтың жеке стендап-концерті өтеді. Кіру билетпен.

25 қазан

  • 19:00 — Шымкент орыс драма театрында Лопе де Веганың пьесасы бойынша «Хитроумная влюблённая» спектаклі сахналанады. Кіру билетпен.

  • BangBang ату клубында (Асқаров көшесі, 25А, «Мүсілім» сауда орталығы, 5-қабат) пневматикалық қарудан атуға арналған сеансқа жазылуға болады. Алдын ала брондау қажет.

26 қазан

Мерекелік демалыстың соңғы күнін Шымкент маңындағы табиғи көрікті жерлерге саяхаттаумен өткізуге болады.

Мәселен, Балықты көлінің жағасында пикник ұйымдастырып, какао дайындап, сапбордпен серуендеуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар Сайрам-Өгем ұлттық паркіне саяхат, Қазақстанның «Доломиттері» аталып кеткен табиғи аймақтарға джип-тур және Арпаөзен петроглифтеріне экскурсия ұсынылады.

Бұл бағыттарға өз бетіңізше баруға немесе 26 қазанға жоспарланған ұйымдастырылған турлардың біріне қосылуға болады.

Республика күніне орай қанша күн демаламыз?

2026 жылы 25 қазан — Республика күні жексенбіге сәйкес келеді. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар үшін демалыс күні дүйсенбіге, 26 қазанға ауыстырылады.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасындағылар 24, 25 және 26 қазан күндері қатарынан үш күн демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасында 25 және 26 қазан демалыс күндері болады.

Қазан айындағы жұмыс күндерінің жалпы саны да жұмыс кестесіне байланысты ерекшеленеді. Бес күндік жұмыс аптасында 21 жұмыс күні және 10 демалыс күні болса, алты күндік жұмыс аптасында 26 жұмыс күні мен бес демалыс күні қарастырылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар