Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Не мені, отбасыңды таңда, не өз нәпсіңді таңда»: Белгілі әнші ешкімге айтпаған жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

17:43, 23 қазан 2026

«Қазақстан дауысы» жобасының алғашқы маусымында топ жарып, көпшіліктің ықыласына бөленген әнші Шахаризат Сейдахмет 10 жыл бойы құмар ойынның арбауында болып, ауыр тәуелділікті бастан кешкенін ашық мойындады. «Köremiz show» бағдарламасына берген сұхбатында өнер иесі лудоманияның кесірінен шаңырағы шайқалып, отбасынан айырылғанын жасырмады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ауыр дертке айналған әдетінің салдары өнер иесінің жеке өміріне де соққы болып тиген. Құмар ойыннан арыла алмағандықтан, ол 2025 жылдың 17 наурызында жұбайымен заңды түрде ажырасуға мәжбүр болған.

Әнші бұл оқиғаның мән-жайын былайша баяндап берді:

«Әйелім шаршады, өзінің шекарасын қойды. “Не мені, отбасыңды таңда, не өз нәпсіңді таңда” деді. Мен ауырып жүрген адаммын, нәпсімді таңдадым ғой, әрине. Тәкаппарлығым жібермеді. Бірдеңені дәлелдеу керек деген сияқты».

Бұл дерттің тым тереңге кеткенін түсінген ол кейін өзінің лудоман екенін анасына мойындаған. Анасы тарапынан қолдау тапқан соң, әнші тығырықтан шығудың жалғыз жолы оңалту екенін түсініп, 2025 жылдың 29 тамызында өз еркімен арнайы оңалту орталығына емделуге барған.

«Мен 10 жыл құмар ойында болдым. Тәуелді адамның өтетін төрт кезеңінен де өттім. Біріншісі – танысу, одан кейін дос болдым, кейін құлына айналдым», – деді Шахаризат Сейдахмет.

Оңалту орталығында ем қабылдап шыққаннан кейін әншінің өмірі түбегейлі өзгерген. Қазіргі таңда оның бұл зиянды апаттан бас тартқанына бір жылдан асқан. Сұхбат барысында бағдарлама жүргізушісі өнер иесінен отбасының қайта қосылған-қосылмағанын сұрады.

«Иә. Қазір отбасым қасымда. Балаларым қасымда», – деп қуанышымен бөлісті әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар