Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өзімнен кейінгі әріптестеріме, інілеріме айтарым бар…»: Алтынбек Қоразбаев марапат алған соң сұхбат берді (ВИДЕО)

14:52, 23 қазан 2026

Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев «Отан» орденімен марапатталды, деп жазады Alash.kz. 

Көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, композитор, «МузАрт» тобының елімізде және шет елде танылуы жолында ерекше рөл атқарған Алтынбек Қоразбаев салтанатты рәсімнен соң «Ақорда» бағдарламасына сұхбат берді. 

«Бұл марапат тек маған ғана емес, бүкіл Қазақстандағы өнер азаматтарына берілген марапат деп сенемін. Ұлы композитор, дирижер, домбырашы Нұрғиса Тілендиев, композитор Шәмші Қалдаяқов пен Ескендір Хасанғалиев ағаларымды еске аламын. Өзімнен кейінгі әріптестеріме, інілеріме айтарым бар. Елді сүйіңдер, халықты сүйіңдер. Қазақ елі туралы, туған жер туралы мәңгі жасайтын, мағынасы терең әндер жазыңдар!», - деді композитор. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар