Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Толықтай құқығым бар»: Дональд Трамп үшінші рет президенттікке түсуге ниетті екенін айтты

16:19, 23 қазан 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Айова штатында өткен жиында сөз сөйлеп, Конституциядағы шектеулерге қарамастан үшінші рет президенттік таққа отыруға ниетті екенін білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы президенттік сайлауда ауқымды бұрмалаушылықтар орын алды деген бұрынғы уәжін тағы да қайталады. Осы орайда ол:

«Өткен сайлауда алаяқтыққа жол берілгендіктен, менің қайтадан президенттік бәсекеге түсуге толықтай моралдық әрі заңды құқығым бар деп есептеймін», – деп өз ұстанымын білдірді.

Айта кетейік, АҚШ Конституциясының ережелеріне сәйкес, бір тұлғаның екі реттен артық президент болып сайлануына қатаң тыйым салынған. Сонымен қатар 2020 жылғы сайлау қорытындысына ықпал ететіндей ауқымды заңбұзушылықтардың болғанын растайтын ресми дәлелдер осы уақытқа дейін ұсынылған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар